Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу орташа айлық табыстың 60 пайызы есебінен жүргізіледі.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа негізделе отырып жүзеге асырылады.
Орташа айлық табыстың мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері талап етілетін еңбек өтілінен тыс 1 пайызға ұлғаяды, бірақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспайды.
Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін зейнетақының ең төменгі мөлшерінен толық көлемде төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері зейнетақының ең төменгі мөлшерінде тағайындалады.
