Зейнетақыны ресімдеу
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы және жас бойынша зейнетақы төлемдерін бір мезгілде ресімдеу үшін сізге жақын жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» МККЕАҚфилиалына (ХҚКО) бару және өтініш беру қажет.
Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болу керек:
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- еңбек кітапшасы (немесе мұрағат мекемелерінің анықтамалары);
- білім туралы құжат;
- әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
- неке туралы куәлік (тегі өзгерген кезде);
- балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
Басқанан өзге, өтініш бергеннен соң, сіз мемлекеттік кепілдіктер (мүмкіндік болған жағдайда) төлем бойынша қызметті, атап айтқанда енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, инфляция деңгейін ескере отырып міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырмашылық қызметтерін алуға құқылысыз. Бұл төлем туралы толығырақжеке материалданбілуге болады.
