Ақпарат алу үшін радионы, теледидарды немесе Интернетті , әлеуметтік желілерді пайдаланыңыз.
Эвакуация мүмкін болса:
Құтқарушылардың нұсқауларын орындай отырып, қауіпті аймақты дереу тастаңыз.
Терезелерді, есіктерді жабыңыз, газды, суды, электр қуатын өшіріңіз.
Жанып жатқан жылыту пештерін сөндіріңіз.
Көршілеріңізді ескертіп, балаларға, қарттарға және мүгедектерге көмектесіңіз.
Эвакуациялау кезінде Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің талаптарын сақтаңыз.
Газбен жабдықтауды ажыратыңыз.
Жеке үйден шықпас бұрын үй жануарларын босатыңыз.
Үйде қалсаңыз:
Жоғарғы қабаттарға немесе шатырға көшіңіз.
Қажет болмаса, терезеге жақындамаңыз немесе сыртқа шықпаңыз.
Құтқарушыларға сіздідер кезінде табу үшін шаралар қабылдау қажет: күндізгі уақытта ақ немесе түсті матаны түнде көрінетін биік жерге іліңіз, жарық сигналдарын беріңіз;
Көшеде абай болыңыз:
Тасқын суларды кесіп өтпеңіз: 15-20 см тереңдіктегі су адамды аяғынан құлатуы мүмкін.
Көлікті пайдаланбаңыз: су жолдардың зақымдалуын жасыруы мүмкін.
Көпірлер мен жаяу көпірлерден өтпеңіз, себебі олар қирап немесе су астында қалуы мүмкін.
Су басқан көшелермен жүруден аулақ болыңыз, өйткені су қауіпті заттарды (қоқыстарды, тесіктерді және т.б.) жасыруы мүмкін.
Егер көлік суда тұрып қалса, оны дереу қалдырыңыз.