Na početak

Су тасқынына дейін (алдын ала)


  1. . Ақпарат:

    • Сіздің ауданыңыздың (қала, ауыл ) су тасқыны қаупі аймағында екенін біліңіз.
    • Ауа райы болжамдары мен жергілікті биліктің ескертулерін орындаңыз.
    • Ауылдық жерлерде жедел хабарлау үшін ватсап мессенджерінде бірыңғай топ құру қажет.
    • Ескертулерді орындаңыз: Жергілікті билік пен БАҚ ұсынатын ақпараттан хабардар болыңыз. Гидрологиялық болжамдар мен су тасқыны туралы ескертулерге мұқият болуларыңызды сұраймыз.
    • Балаларға қажетті әрекеттерді үйрету және төтенше жағдай кезінде бала үйден тыс жерде болған жағдайда қайда бару керектігін түсіндіріңіз.

    2. Үйді дайындау:

    • Шатырдың, қабырғалардың, терезелер мен есіктердің жай-күйін тексеріңіз.
    • Құнды заттарды, құрылғыларды және құжаттарды жоғарғы қабаттарға немесе сөрелерге жылжытыңыз.
    • Мүмкіндігінше іргелес аумақты жағалап, үй аумағының суару арықтарын (бар болса) тазалаңыз (ЖТҮ) және өз күштеріңізбен үй аумағынан қарды тазалаңыз.

    3. Жедел жәрдем жинағы:

    • Сөмкеге маңызды заттарды салыңыз:
    • 3-5 күн бойы су және тез бұзылмайтын тағам.
    • Алғашқы көмек қобдишасы, фонарь, батареялар.
    • Су өткізбейтін қаптамадағы құжаттар (барлық отбасы мүшелеріне және тұрғын үйге арналған барлық құқық белгілейтін құжаттар) .
    • Телефоныңыз үшін қуаттағыштар мен қосалқы батареялар.
    • Қосалқы киім, қосалқы аяқ киім және көрпе.

    4. Эвакуация жоспары:

    • Отбасыңызбен қауіпсіз кездесу орнын алдын ала ұйымдастырыңыз.
    • Эвакуациялау жолдарын және ең жақын уақытша орналастыру пункттерін біліңіз.
    • Белгіленген эвакуация пунктіне тіркелу және қауіпсіз аймаққа жөнелту үшін белгіленген уақытта келуіңіз керек.
    • Үй жануарларыңызды қауіпсіз жерге (мал ауласына) алдын ала апарыңыз.
    • Үйіңізде жүріп-тұруы қиын мүгедектер немесе қарт адамдар болса, су тасқынына қарсы штаб пен құтқару қызметіне хабарлауыңызды сұраймыз.