Зейнеткерлер шипажайға тегін жолдаманы қалай ала алады?


Қазақстанда зейнеткерлер жеңілдетілген шарттармен санатория-курорттық ем ала алады.

Санаторияға тегін және жеңілдікті жолдамаларды жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер береді.

Жергілікті әлеуметтік қорғау органдарында немесе тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-да санатория-курорттық ем алудың шарттары мен тәртібін нақтылау ұсынылады, өйткені олар өңірге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.