Ол қалай жұмыс істейді?
e- Densaulyq сервисі eGov mobile жүйесіне орнатылған.
- пациент дәрігерге баруы керек, ол ISLO жүйесінде электронды рецепт жазады;
- пациент eGov mobile қолданбасында e-Densaulyq ашуы керек;
- «Рецепттер - Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» бөліміне өтіңіз;
- әрбір рецепт үшін QR кодын алыңыз;
- дәріханаға барып, фармацевтке қажетті QR-кодын көрсетіңіз.
Пилоттық жобаға қатысатын барлық медициналық ұйымдарда (емханаларда) QR-кодын оқитын сканерлер бар.
Нәтижесінде фармацевт дәрі-дәрмекті беру үшін рецепт нөмірін қолмен жазып енгізбейді, ал пациент өзімен бірге қағаз түріндегі дәрі-дәрмектің рецептісін алып жүрмейді.
