Na početak

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүмкіндіктері


«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» негізгі негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұзартуға мотивациясын қалыптастыру және дамыту, егде жастағы азаматтардың бос уақытын және мәдени бос уақытын ұйымдастыру.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында йога, скандинавиялық серуендеу, вокал, кескіндеме, айкун, цигун, тайчи, кинезиология, компьютерлік сауаттылық, шахмат, тоғызқұмалақ, би (шығыс, халық), теннис, сәндік - қолданбалы өнер, агрокраудсорсинг, психолог пен заңгердің жеке консультациялары, есте сақтау қабілетін нығайту және т. б. тегін сабақтар ала аласыз.

Бүгінгі таңда Алматыда 13 ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Республика бойынша осындай 52 мекеме бар.