Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі дегеніміз не?
Тұтынушыларжалған және Сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпараттыіздеу үшін сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін пайдалана алады.
Сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімінде қамтылған мәлімет ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.
Сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі келесі ақпаратты қамтиды:
1) осыҚағидаларға1-қосымшаға сәйкес кодтауға және өнімнің штрих-кодына сәйкес өнім түрлері;
2) тауар атауы;
3) өнімді өндірушінің атауы және орналасқан жері немесе өнімді өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және орналасқан жері немесе өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның атауы мен орналасқан жері, импорттаушы ұйымның атауы мен орналасқан жері немесе тегі, импорттаушы өнімді өндірушінің аты, әкесінің аты (бар болса) және орналасқан жері;
4) шыққан елі;
5) сынама алу орны (объектінің атауы, мекенжайы);
6) жасалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;
7) топтаманың немесе серияның нөмірі;
8) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша зерттеу хаттамасы;
9) қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерінің анықталған бұзушылықтары туралы ақпарат (олардың нақты құны және рұқсат етілген стандарттар).
Жарияланған мәлімет сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде көрсетілген осы сериядағы (топтамадағы) өнім мен шығарылған күнінде ғана қолданылады және таралады.
