Na početak

Мүгедектікті белгілеу критерийлері


Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал 7  жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал 7 жастан 18 жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді.

Тіршілік-тынысының төмендегі санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақтыедәуір немесе айқынбілінетін бұзылуыбірінші топтағы мүгедектіктібелгілеу үшін критерий болып табылады:

  1. үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
  2. үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
  3. үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
  4. үшінші дәрежедегі оқуға;
  5. үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
  6. үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
  7. үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.

Тіршілік-тынысының төмендегі санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларыныңтұрақтыбілінетін бұзылуыекінші топтағы мүгедектіктібелгілеу үшін критерий болып табылады:

  1. екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
  2. екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
  3. екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
  4. екінші дәрежедегі оқуға;
  5. екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
  6. екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
  7. екінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.

Тіршілік-тынысының төмендегі санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларыныңтұрақты шамалыбұзылуыүшінші топтағы мүгедектіктібелгілеу үшін критерий болып табылады:

  1. бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
  2. бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
  3. бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
  4. бірінші дәрежедегі оқуға;
  5. бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
  6. бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
  7. бірінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.