Na početak

Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау дегеніміз не?


Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді мектептің педагогикалық ұжымымен ынтымақтастықта мамандар тобы жүзеге асырады.

Егер ПМПК (психологиялық- медициналық - педагогикалық консультация ) текеру  қорытындысы бойынша бала жалпы сыныпта оқуға жолдама алса, одан әрі ол психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге қызметіне жіберіледі.

Жалпы білім беретін мектепте оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар бала үшін білім алу үшін арнайы жағдайлар жасалады.

Білім алушы, ең алдымен, сыныптағы мұғалімдерден, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарынан көмек пен қолдау алады. Қажет болған жағдайда білім беру ұйымы сырттан  мамандарды (сурдопедагог, тифлопедагог, клиникалық психолог) тартады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мыналарды қамтиды:

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды/тәрбиеленушілерді, оның ішінде адамдарды (балаларды) оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы қиындықтарды анықтау және ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау;
  • білім алушылардың/тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) педагогтері мен отбасыларына консультациялық-әдістемелік көмек;
  • білім алушыларды/ тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды арнайы білім беру ұйымдары көрсетеді.

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)

ЭЦҚ-ны қашықтан алу

Білім беру ұйымдарында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін құжаттар қабылдау