Na početak

Құжатты тану үшін қайда хабарласуға болады


Білім туралы құжатты мойындау үшін"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО)өзімен бірге келесі құжаттарды алып келу керек:

  • жеке куәлік
  • мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек;
  • білім туралы құжаттың және оған қосымшаның заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады) және білім туралы құжаттың және мөрдің аудармасын қоса алғанда, оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Сондай-ақ құжаттарды үйден шықпай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруге болады. Мұндай жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электрондық құжат болады.

Мемлекеттік баждың құны (қызметке ақы төлеу үшін деректемелер):

  • білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін - 3АЕК;
  • негізгі және жалпы орта білім туралы құжаттар үшін - 6АЕК;
  • техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттар үшін - 8АЕК;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар үшін - 10АЕК;
  • ғылыми дәрежелердің дипломдары үшін - 10АЕК.