Na početak

Шетелдік дипломның сараптамалық бағасы қалай жүргізіледі


Өзара тану туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білімі туралы құжаттар мынадай тәртіппен танылады:

  • Егер білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған болса, білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу;
  • білім туралы құжат берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу.

Сараптамалық бағалау жүргізу кезінде білім беру деңгейінде, оқу кезеңдерінде, оқыту мерзімдері мен нысанындағы айырмашылықтар анықталған жағдайда, білім туралы құжатты тану қосымша білім алуды және оқуды, мәлімделген мамандық немесе білім беру бағдарламасы бойынша 5 жылдан астам практикалық дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттарды ескере отырып жүргізіледі.