Білім туралы құжаттарды тану дегеніміз не
Білім туралы құжаттарды тану- бұл шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау.
Сараптамалық бағалау- бұл ұлттық заңнаманы ескере отырып, шетелдік білім туралы құжаттың баламалығын ресми түрде белгілеу және оқуды жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуға қол жеткізу мақсатында оның иесіне академиялық және (немесе) кәсіби құқықтар беру.
Аттестаттау- Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану үшін жіберілетін құжаттар топтамасы.
