Na početak

Конкурстық іріктеуді өткізу


Конкурс 3 турдан тұрады.

Бірінші турда үміткердің зияткерлік қабілеттілік деңгейін, сондай-ақ тұлғалық-іскерлік құзыреттерін, шетелде оқуға психологиялық дайындығын анықтау бойынша кешенді тестілеу жүргізіледі.

Екінші тур үміткерлердің тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен дербес анонимді әңгімелесуін ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамын, жұмыс тәртібі мен оны ұйымдастыруды Жұмыс органы –Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігібекітеді.

Екінші турда үміткердің кәсіптік дайындық деңгейі, теориялық білімі және таңдаған мамандану саласы бойынша кәсіптік құзыреттерінің болуы анықталады.

Жұмыс органы тәуелсіз сараптамалық комиссияның ұсынымдары бар үміткерлердің материалдарын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі респуликалық комиссияның қарауы үшін үшінші турға енгізеді.

Республикалық комиссия тәуелсіз сараптамалық комиссияның ұсынымдары негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткер Әкімшінің ресми интернет-ресурсында жариялануы арқылы хабардар етіледі.