тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін:
- жеке куәлік және паспорт (сканерленген көшірмесі);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмелері, сондай-ақ еңбек қызметінің талап етілетін кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің сканерленген көшірмесі;
- белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың сканерленген көшірмесі;
- белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың сканерленген көшірмесі;
- қосымшасы бар бакалавр/маман дипломының сканерленген көшірмесі. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің сканерленген көшірмесі, не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
- шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі;
- шетелдік ұйымнан шартсыз шақыруды растайтын құжат (қаржылық жағдайларды қоспағанда). Құжатта мыналар болуы тиіс: үміткер туралы дерек, тізбеден таңдалған мамандық, тағылымдама мерзімі, құны (есеп айырысудың толық жазылуы). Құжат мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
- тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйым бекіткен және талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
- жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімі.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша түскісі келетіндер қажетті құжаттарды электронды Үкімет порталы арқылы (www.egov.kz) онлайн-режимінде жібере алады.
