өз бетімен шетелдік ЖОО түсіп, доктор дәрежесін алуға/резидентурада оқуға үміткерлер үшін:
жеке куәлік және паспорт (сканерленген көшірмесі);
жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енген жоғары оқу орнынан академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат (қаржылық шарттарды қоспағанда). Құжатта мыналар болуы тиіс: үміткер туралы дерек, мамандық, оқу мерзімі, оқу ақысының құны. Құжат мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломының сканерленген көшірмесі. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің сканерленген көшірмесі, не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың сканерленген көшірмесі;
шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі.
шетелдік жоғары оқу орны берген оқу үлгерімі туралы ресми құжат немесе мамандығы, курсы (оқу жылы), бағалау жүйесі туралы ақпарат, ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтама. Құжат/анықтама мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырған аудармасымен ұсынылады (тек тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер үшін).