Na početak

Магистр дәрежесін алуға ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер үшін:


  • жеке куәлік және паспорт (сканерленген көшірмесі);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі, сондай-ақ ауылдық елдімекенде еңбек қызметін жүзеге асырған соңғы 2 жылда аударылған міндетті зейнетақы аударымдары туралы үзіндісінің сканерленген көшірмесі;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың сканерленген көшірмесі;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың сканерленген көшірмесі;
  • қосымшасы бар бакалавр/маман дипломының сканерленген көшірмесі. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің сканерленген көшірмесі, не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі.