Тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін:
Инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері;
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
медицина қызметкерлері;
мемлекеттік қызметшілер;
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
судьялар мен сот қызметкерлері.
- тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шартсыз шақыруының болуы (қаржылық шарттарды қоспағанда);
- жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде соңғы 12 айы таңдаған мамандану саласында болуы;
- В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар (ҚазТест) мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
- белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
- бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл ескерілмейді.
