Na početak

Магистр дәрежесін алуға медицина қызметкерлері үшін:


  • құжат тапсыру кезеңінде еңбек қызметін жүзеге асырушы және медициналық ұйымдарда тікелей медициналық көмек қызметін атқару және жоғары медициналық білімі болуы;
  • «Болашак» стипендиясы шеңберінде медициналық бағыттағы мамандық бойынша оқу үшін кемінде 1 жыл жалпы медициналық жұмыс өтілінің болуы;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар (ҚазТест) мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
  • бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығы мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес болуы;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 3,00 (4.00/4.33-тен) не 5.00-тен 4.00 балына сәйкес болуы тиіс.