Na početak

«Kids go free» бағдарламасына қалай қатысуға болады?


  • Бұл қадамды Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қолданыла алады;
  • кәмелет жасқа толмаған азамат кәмелет жасқа толған туысының (ата-анасы, атасы-әжесі және басқалары) ілесіп жүруімен авиа ұшуды жүзеге асыруы тиіс;
  • бұл қадам туржолдама құрамындағы сапарларға ғана жарамды;
  • туржолдама ішкі туризм бойынша сапарларды ұйымдастыруға лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс;
  • туржолдаманың құны балаларға арналған авиобилеттің құнынан алу арқылы төленеді.

Ең бастысы– туржолдамада авиа ұшу мен тұру құны қосылуы тиіс.

Мысалы, 2 ересек адам және 2 кәмелет жасқа толмаған баладан (7 және 10 жас) тұратын отбасы Түркістан қаласында демалуды жоспарлады. Отбасы ішкі туризм саласындағы туроператордан отбасының барлық мүшелері үшін екі жаққа авиа ұшу және тұруды қоса алғанда, құны 500 мың теңге болатын турөнімді сатып алды. Ішкі туризм саласындағы туроператор балаларға арналған тегін авиұшуды ұсынды. Барлығы, турөнім төлемінің сомасы 400 мың теңгені құрады (100 мың теңге мөлшерде балаларға арналған авиұшу құнын азайтқанда)