БҚДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІ ЖӘНЕ МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ

БҚДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ КҮЙІ ЖӘНЕ МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ШЕКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ  ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ

               Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы хабардар ету мақсатында 2022 жылға тиісті «Жылдық есеп» құжатын дайындады.

                Есепте мынадай ақпараттар көрсетілген:

- 2022 жылғы Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік саясат саласындағы аса маңызды оқиғалар (іс-шаралар) туралы;

- шетелдік монополияға қарсы ведомстволармен, оның ішінде халықаралық интеграциялық бірлестіктер шеңберінде халықаралық ынтымақтастық жөніндегі мәліметтер;

- Қазақстан Республикасының жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі, бәсекелестікті бұрмалайтын факторлар және тауар нарықтарына ену кезіндегі кедергілер туралы, оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу туралы мәліметтер;

- мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту, Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы, экономикалық шоғырлануды мемлекеттік реттеу жөніндегі қызметтің көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтер;

- алдағы жылға монополияға қарсы органның алдында тұрған негізгі міндеттер туралы.

                   2022 жылдың басты маңызды оқиғалардың бірі Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға, «бесінші монополияға қарсы пакеті» деп аталатын құжатқа қол қоюы болды. Ол кәсіпкерлікке мемлекеттің араласуын қысқарту, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шаралары мен сатып алуларға тең қолжетімді жағдаймен қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту мәселелерін қамтиды.

                      Сондай – ақ 2022 жылы Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау және дамыту Тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) бекітілді. Тұжырымдама монополияға қарсы реттеу саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ елдегі бәсекелестікті дамыту, елдің жалпы экономикалық саясатына интеграцияланатын тұтас бәсекелестік саясатты құру мәселелерін пайымдауды қамтамасыз етуге арналған.

                       Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғауға және дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылдауды алдын ала айқындайтын Бәсекелестік саясатты іске асырудың негізгі құралы.

Жалпы, 2022 жылы тауар нарықтарына 80-нен астам талдау жүргізілді.

1) мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысу үлесін шектеу;

2) бәсекелестік қағидаттарда жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайту;

3) бәсекелестікті дамыту бойынша Үкіметпен жұмыс.

                      Ұзақ уақыт бойы салалық мемлекеттік органдардың экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қабылдауға сылбыр қызмет еткен еді. Нәтижесінде ел экономикасында бәсекелестікті дамыту үшін әкімшілік кедергілер әлі де сақталып келеді.

                       Осыған байланысты, Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Агенттік Үкіметпен бірлесіп, Бәсекелестік және салалық саясаттардың өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында 2022 жылы жекелеген тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту бойынша жұмысын бастады. Атап айтқанда, осы бағыт шеңберінде бәсекелестікті дамытудың Жол карталары қабылданады. Бүгінгі таңда Қазақстанда бәсекелестікті дамыту бойынша 8 салалық жол картасы бар.

                       Агенттік үшін басты міндеттердің бірі — кедергілерді жою. 2022 жылы Бәсекелестікті дамыту үшін 11 кедергі жойылды.

                        Агенттік жазалау бағытынан «Жұмсақ құқықты» пайдалануға көшу саясатын жалғастырып келеді. Өткен жылы 508 хабарлама, 33 ескерту берілген, монополияға қарсы комплаенстің рекордтық көрсеткіші, яғни 251 актісі келісілді.

 

Толығырақ Агенттіктің 2022 жылғы Жылдық есебінде оқыңыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/486951?lang=kk