Қазақстанда арнайы құқық және мемлекеттік монополия субъектілерінің бірінші тізілімі бекітілді

Қазақстанда арнайы құқық және мемлекеттік монополия субъектілерінің бірінші тізілімі бекітілді

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі арнаулы құқық және мемлекеттік монополия субъектілерінің бірінші мемлекеттік тізілімін қалыптастырып, бекітті. Бұл тізілім арнайы құқықтың 17 субъектісін және мемлекеттік монополияның 17 субъектісін қамтитын екі бөлімнен тұрады.

Арнаулы құқық субъектілерінің тізіліміне қызметі тиісті не аралас тауар нарықтарында тауар айналысының жалпы шарттарына әсер ететін операторлар енгізілген.

Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне енгізілген экономикалық функцияларды іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік және жеке операторлар мынадай қағидаттарда монополияға қарсы реттеуге жатады:

  1. Бағаны реттеу.

Болашақта монополияға қарсы орган арнайы құқыққа жатқызылған және аталған операторлар олардың аясында өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасына сараптама жүргізетін болады, бұл өз кезегінде баға белгілеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Өзге қызметпен айналысуға тыйым салу.

Тізілімге енгізілген операторларға заңда көзделген операторлық функциялардан басқа қызметтің өзге түрлерімен айналысуға, тауарлар өндіруге, жұмыстарды өткізуге, қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

  1. Басқа заңды тұлғаларға қатысуға тыйым салу.

Аталған операторларға еншілес ұйымдар құруға немесе басқа заңды тұлғалардың қызметіне өзге түрде қатысуға тыйым салынады.

  1. Бизнестің жіберіп алған пайдасын өтеу.

Арнайы құқықты енгізу нәтижесінде нарық субъектілеріне келтірілген залал бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

  1. Нарық қатысушыларының дайындығына аранлған алты ай кезеңі.

Бұрын белгілі бір тауарды өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері  арнайы құқық қолданысқа енгізілгеннен кейін тек алты ай мерзім ішінде осы тауарларды өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

Кәсіпкерлік Кодекстің 193-бабының 3-тармағына сәйкес арнайы құқық субъектісі Үкімет белгілеген тәртіппен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бола алады. Көрсетілген норманы іске асыру үшін Үкіметтің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 Қаулысымен арнаулы құқық субъектісінің мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті айқындау Қағидалары бекітілді.

Өз кезегінде Агенттік арнаулы құқық саласына жатқызылған қызметті бәсекелестік ортаға беру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін арнаулы құқықтың жекелеген субъектілерінің қызметіне жыл сайынғы негізде талдау жүргізетін болады. Осыған байланысты арнайы құқық субъектілерінің тізілімі одан әрі реттелетін болады.

Анықтама: арнайы құқық субъектілерінің тізімі

"Жасыл даму" АҚ, "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС, "Қазпошта" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "СК-Фармация" ЖШС, "Қазавиаспас" АҚ, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС, "Қазтелерадио" АҚ, "Қазарнаулыэкспорт"ШЖҚ РМК, "Казимпэкс" Республикалық орталығы " АҚ, "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ, "Электрондық қаржы орталығы "АҚ, "Қазақстан Ғарыш Сапары "Ұлттық компаниясы" АҚ, "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ, "Сәтті Жұлдыз"АҚ, "Turar Healthcare" АҚ және "Қазақтелеком" АҚ ("Қазақтелеком" АҚ тауарларын таңбалау және қадағалау операторы ретінде өзге қызметпен айналысуға және басқа заңды тұлғаларға қатысуға тыйым салу бөлігінде ғана ерекшелік болып табылады) кәсіпкерлік Кодекстің 193-бабының 6-тармағы).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкіметтің 2021 жылғы қаңтардағы кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін жалғастырудың орындылығына талдау жүргізуді тапсырған болатын, тиісті тапсырма Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында да айтылған еді. 2022 жылғы 3 қаңтарда "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылды, онда мемлекеттік монополия тетігін толықтыратын және жетілдіретін "арнайы құқық" институтын құру көзделген. Тиісті өзгерістер 2022 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Кәсіпкерлік кодексіне де енгізілді.

Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/359387?lang=kk

Сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне мына телефондар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 7172 74-33-05, 74-32-77, 74-91-65.