|
|
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімі
|
Р/с № |
Мемлекеттік монополия субъектісінің атауы |
Заңды мекен-жайы |
Мемлекеттік монополияға жататын қызмет түрлері |
Негіз |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 56/1 |
1) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу
|
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 1-тармағы |
|
2. |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Нұра ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4 |
1) уәкілетті мемлекеттік органмен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы, әлеуметтік және өзге де төлемдерді тағайындауға, тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарауға, тоқтата тұруға, тоқтатуға, қайта бастауға және қайта есептеуге арналған құжаттарды қабылдау, істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу; |
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабының 1-тармағы |
|
2) автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорды толықтыру мен жаңартуды және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы әлеуметтік төлемдерді және өзге де төлемдерді алушылардың дербестендірілген есебін; |
||||
|
3) әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру салаларындағы ақпараттық жүйелердің деректерін толықтыру мен жаңарту; |
||||
|
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың деректерін толықтыру мен жаңарту; |
||||
|
5) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүзеге асыру; |
||||
|
6) зейнетақы төлемдерінің, жәрдемақылардың, біржолғы және өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды төлеуді жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберу; |
||||
|
7) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін және оны жүзеге асыру графигін қалыптастыруды, Қорға қаражат қажеттілігі туралы өтінім жіберу; |
||||
|
8) атаулы әлеуметтік көмектің, өзге де төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінім жіберу; |
||||
|
9) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар жөніндегі өсімпұлдың сомалары бойынша агенттердің төлем құжаттарының тізілімдерін қалыптастыруды және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну; |
||||
|
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыру; |
||||
|
11) Қордың қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру; |
||||
|
12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан төленетін зейнетақы төлемдерін ұйымдастыруды және жүзеге асыру; |
||||
|
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де төлемдерді төлеуді жүзеге асыру; |
||||
|
14) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға қосымша белгіленген, бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; |
||||
|
15) зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасау; |
||||
|
16) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару, тоқтату мәселелері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасау; |
||||
|
17) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманың мөлшерін айқындау; |
||||
|
18) агенттерден түсетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; |
||||
|
19) Қордың қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару; |
||||
|
20) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға және оның ведомстволарына беру; |
||||
|
21) деректемелерінде қате жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтару; |
||||
|
22) агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан оның өтініші бойынша міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару; |
||||
|
23) жеке сәйкестендіру нөмірінің базасында бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды және олардың базасына жаңарту жүргізу; |
||||
|
24) бірыңғай жиынтық төлемнің сомаларын Қорға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке бөлуді және аудару; |
||||
|
25) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асыру; |
||||
|
26) бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге бірыңғай жиынтық төлем сомаларын бөлу және аудару туралы ақпарат беру; |
||||
|
27) зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну; |
||||
|
28) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алу; |
||||
|
29) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды аударуды, олардан ұсталған әлеуметтік төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, Қорға қайтару; |
||||
|
30) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомасын төлеушіге қайтару; |
||||
|
31) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда Қор қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз ету; |
||||
|
32) мемлекеттік кіріс органына төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсыну; |
||||
|
33) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге – әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат беру; |
||||
|
34) уәкілетті мемлекеттік органға статистикалық және өзге есептік ақпаратты беруді жүзеге асыру; |
||||
|
35) төлеушілерден қорға аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды өңдеуді және аударуды банктік үш күн ішінде жүзеге асыру; |
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағы |
|||
|
36) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру; |
||||
|
37) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асыру; |
||||
|
38) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және уәкілетті органға қажеттілік туралы өтінімдер жіберу; |
||||
|
39) осы Кодекстің 153-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген іздестіру жұмыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет; |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабы 3-тармағының екінші бөлігі |
|||
|
40) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет; |
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағы |
|||
|
41) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу жөніндегі, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендірілу және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет; |
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағы |
|||
|
42) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізу; |
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 776-бабының 1-тармағы |
|||
|
43) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отыру; |
||||
|
44) бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аудару; |
||||
|
45) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асыру. |
||||
|
3. |
«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 В |
1) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағы
|
|
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу; |
||||
|
3) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу; |
||||
|
4) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асырау; |
||||
|
5) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; |
||||
|
6) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру; |
||||
|
7) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; |
||||
|
8) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілеу; |
||||
|
9) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу; |
||||
|
10) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-4-бабының 1-тармағы |
|||
|
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-7-бабының 1-тармағы
|
|||
|
12) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде жәрдемдесу; |
||||
|
13) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-8-бабының 1-тармағы
|
|||
|
14) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асыру; |
||||
|
15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, олардың жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру; |
||||
|
16) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру; |
||||
|
17) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығына қосылған ақпараттандыру объектілері туралы осалдықты анықтау платформасында мәліметтер жариялауды қамтамасыз ету; |
||||
|
18) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізу; |
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 1-тармағы |
|||
|
19) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу; |
||||
|
20) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асыру. |
||||
|
4. |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 50 |
1) халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингі; |
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 1-тармағы |
|
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету; |
||||
|
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу; |
||||
|
4) Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру; |
||||
|
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді жүзеге асыру. |
||||
|
5. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 50/1 |
1) уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы; |
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағы |
|
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру. |
||||
|
6. |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1 |
мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар арнайы мақсаттағы қызметтер көрсетуді және арнаулы ақпарат дайындауды қамтитын метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті және қоршаған орта жай-күйінің мониторингін жүргізу жөніндегі қызмет |
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-бабы 1-тармағының екінші бөлігі
|
|
7. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 13 |
1) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарға сараптау; |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 239-бабының 2-тармағы |
|
2) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау. |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 241-бабының 2-тармағы |
|||
|
8. |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 |
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет. |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағы |
|
9. |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) |
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Күлтөбе қысқа көшесі, 7 |
1) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі қызмет; |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-1-бабының 1-тармағы |
|
2) қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу; - бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға: ықтимал қауіпті; техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу; - жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу; - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама; |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-4-бабының 1-тармағы |
|||
|
3) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы. |
||||
|
10. |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бәйішев көшесі, 23 |
орман ресурстарын есепке алуға, орман қорының аумақтық құрылымына, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеуге, ормандардың мемлекеттік мониторингіне, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлауға және орман пайдалануға байланысты орман орналастыру. |
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағы |
|
11. |
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3 |
1) аударымдар мен жарналарды шоғырландыру; |
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағы |
|
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу. |
||||
|
12. |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 |
білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет. |
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-бабы |
|
13. |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Республиқалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 |
білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет. |
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-бабы |
|
14. |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 13 |
1) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен респонденттер ұсынған, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді өңдеу және ресми статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде электрондық түрде өңдеу кезеңінде оларды сақтау; |
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабының 1-тармағы |
|
2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистикалық тіркелімдерді, уәкілетті органның интернет-ресурстарын қалыптастыру, қолдап отыру және жаңартып отыру; |
||||
|
3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты тарату; |
||||
|
4) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру. |
||||
|
15. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
|
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 1/1 |
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесі деректерінің ықпалдастырылған банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон үдерістерінің есебін жүргізу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет. |
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының бірінші абзацы |
|
16. |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Атырау облысы, Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, Атырау-Дамба трассасы, 140 |
өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлерін үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, қайта өңдеу және олардың уылдырығы мен өнімінің басқа да түрлерін өткізу жөніндегі қызмет. |
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 1-тармағы |
|
17. |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11 |
1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу; |
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағы |
|
2) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру; |
||||
|
3) тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі. |
||||
|
18. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 25 |
жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу
|
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы |
|
Р/с № |
Арнайы құқық субъектісінің атауы |
Заңды мекен-жайы |
Операторлық функциялар |
Негіз |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
«Жасыл даму» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30 |
1) парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу мен халықаралық ынтымақтастықты техникалық және сараптамалық қолдап отыруды қамтамасыз ететін, көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы; |
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 288-бабы |
|
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы;
|
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 387-бабы |
|||
|
3) сот шешімі бойынша республикалық меншікке түскен иесіз қалдықтарды басқару жөніндегі қызмет. |
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 340-бабының 5-тармағы |
|||
|
2. |
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Кисловодская көшесі, 34 |
1) шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын шұғыл шақыру жүйесінің операторы; |
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 56) тармақшасы, 33-бабы |
|
2) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы. |
«Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8-4) тармақшасы, 6-2-бабы |
|||
|
3. |
Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының |
|||
|
4. |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 |
1) өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы; |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 67) тармақшасы, 13-бабы
|
|
2) қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі); |
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 27-3) тармақшасы, 71-1-бабы |
|||
|
3) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы. |
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 55) тармақшасы, 13-2-бабы |
|||
|
5. |
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Сауран көшесі, 12 |
ұлттық тауарлар каталогын әзірлеуді, жүргізу мен жаңалауды қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асыратын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы. |
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41) тармақшасы, 7-4-бабы |
|
6. |
«СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3 |
қызметін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 1-баптың 27) тармақшасы, 247-бабы |
|
7. |
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 4А |
материалдық-техникалық ресурстары, әуе кемелері және білікті мамандары бар азаматтық авиация субъектісі болып табылатын тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор |
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 72-1) тармақшасы, 82-1-бабы |
|
8. |
«ҚазМұнайГаз – Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8 |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсынатын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор |
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 11-1) тармақшасы |
|
9. |
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы |
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 118 |
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы |
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы |
|
10. |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей- Жәнібек хандар көшесі, 12а |
әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым |
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 39) тармақшасы, 8-бабы |
|
11. |
Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының |
|||
|
12. |
Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының |
|||
|
13. |
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 18 |
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор; |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 20) тармақшасы, 17-бабы |
|
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу саласындағы бірыңғай операторы. |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 45) тармақшасы |
|||
|
14. |
Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының |
|||
|
15. |
«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 29 |
1) мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор; |
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 21) тармақшасы, 9-бабы |
|
2) тіркеуші. |
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 28) тармақшасы, 13-бабы |
|||
|
16. |
«Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы |
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 28 |
лотереяларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лотерея операторы |
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13-тармақшасы, 8-бабының 3-тармағы |
|
17. |
«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 3 |
денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 90) тармақшасы, 14-бабы |
|
18. |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Нұра ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4 |
1) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын Бірыңғай байланыс орталығы. |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9) тармақшасы |
|
2) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы |
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 29-1) тармақшасы, 67-1-бабының 1-тармағы |
|||
|
19. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 15а |
1) заңнамалық актілер жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу; |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағы |
|
2) заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету; |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағы |
|||
|
3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы |
|||
|
|
|
|
4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу; |
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-1 тармағы |
|
|
|
|
5) қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптама жүргізу. |
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2 тармағы |
|
20. |
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, блок С2.3 |
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым. |
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-1) тармақшасы, 16-9-бабы |