МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНСТІҢ ІШКІ АКТІСІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖАРИЯЛАНДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНСТІҢ ІШКІ АКТІСІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖАРИЯЛАНДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНСТІҢ ІШКІ АКТІСІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖАРИЯЛАНДЫ

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және енгізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар дайындады.

Ұсынымдар нарық қатысушыларына комплаенс саясатын қалыптастыруды, сондай-ақ тәуекелдер мен тиімділікті бағалауды қамтитын комплаенс-жүйелерді енгізу бойынша әдіснамалық көмек көрсетуге бағытталған.

Ұсынымдар жобасы монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу мен енгізудің негізгі кезеңдерін, іс-шаралардың мазмұнын, монополияға қарсы комплаенс-тәуекелдерді бағалауды жүргізу тәсілдерін, монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісінің жұмыс істеу тиімділігіне бағалау жүргізу тәсілдерін және басқаларды көздейді.

Барлық мүдделі тараптарды ұсынымдар жобасына ұсыныстар жіберуге шақырамыз, олармен Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/278241?lang=kk сілтеме бойынша танысуға болады.

Ұсынымдар жобасына ескертулер мен ұсыныстар m.bisemaev@azrk.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.

Сурет ашық көздерден алынған.