Монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және
енгізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2022 жылғы
№ бұйрығымен
бекітілген
Монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу және енгізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
Нақты нарық субъектісінің монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісін әзірлеу мен енгізу кезінде оның қызметінде туындайтын монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдері және өзге де параметрлердi ескере отырып, ішкі құрылымның ерекшеліктері, нарық субъектілерінің қажеттідіктері ескерілуі мүмкін.
1) монополияға қарсы заңнама – Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы;
2) монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оған бағынысты аумақтық бөлімшелер;
3) монополияға қарсы комплаенстің ішкі актісі – монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды жасау тәуекелдерін бағалау әдістерін, тәсілдерін, нарық субъектісінің (субъектілерінің) тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы тәртібін көздейтін ішкі құжаттар (бұдан әрі – монополияға қарсы комплаенс).
Ішкі құжаттарға мыналар жатқызылуы мүмкін:
Нарық субъектісі қызметкерлерінің монополияға қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулығы;
Өзінің өкілеттіктерін орындау кезінде монополияға қарсы органмен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;
Қызметкерлердің монополияға қарсы комплаенсті сақтауын ішкі мониторингті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
Нарық субъектісі қызметінің комплеанс-тәуекелдерін бағалау қорытындысы жөніндегі есептің үлгілік нысаны.
Сауда-саттық практикасы (сауда-өткізу саясаты) қағидалары, нарық субъектісінің өзге тұлғалармен өзара іс-қимылын реттейтін өзге де ішкі актілер.
Аталған тізбе ұсынымдық сипатта болып табылады. Нарық субъектісі өзінің ұйымдық құрылымына және қызмет бағытына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесін айқындайды.
4) монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдері – бәсекелестікті шектеу және (немесе) жою түріндегі қолайсыз оқиғалардың туындау ықтималдығы мен салдарының ұштасуы;
5) тәуекелдерді корпоративті басқару – бұл тәуекелді оқиғалардың туындауының оң салдарларын көбейту мен теріс салдарларын азайтуды қамтитын қауіптерді сәйкестендірумен, талдаумен және қабылдаумен байланысты процестер;
6) уәкілетті бөлімше (лауазымды адам) – монополияға қарсы комплаенсті енгізуді және оны орындауды бақылауды жүзеге асыратын нарық субъектісі айқындайтын тұлға;
7) басқару органы – монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеу тиімділігін бағалауды жүзеге асыратын орган (атқарушы орган, директорлар кеңесі, байқаушы кеңесі және т.б).
2-тарау. Монополияға қарсы комплаенсті әзірлеу және енгізу кезеңдері
1) комплаенс-саясатты қалыптастыру;
2) жауапкершілікті бөлу;
3) комплаенс-тәуекелдерді бағалау;
4) тәуекелдерді басқару тетіктерін құру;
5) қабылданған шараларды орындауды қамтамасыз ету;
6) комплаенс-бақылауды енгізу;
7) монополияға қарсы комплаенстің тиімділігін бағалау.
3 тарау. Монополияға қарсы комплаенсті әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралардың мазмұны
Параграф 1. Комплаенс-саясатты қалыптастыру
монополияға қарсы заңнама мониторингі мен сақталуын бақылау жүйесін тәуекелдерді корпоративті басқару саясатына енгізу;
жарыспалылық, адалдық, заңдылық, нарық субъектiсі өзінiң қызметін жүзеге асырған кезде нарық субъектілері мен тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтау;
монополияға қарсы заңнаманы ықтимал бұзушылықпен байланысты комплеанс-тәуекелдерді алдын ала анықтау;
монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың ықтимал проблемаларына белсенді және жедел ден қою;
нормативтік құқықтық сәйкессіздіктен ықтимал апатты шығындардың алдын алу;
өзінің қызметінде бәсекелестік артықшылықтарды құру;
монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық тәуекелдерін басқару;
нарық субъектісі қызметкерлерінің монополияға қарсы заңнаманы сақтауына ішкі ден қою, мониторинг және бақылау жүйесін құру;
нарық субъектісі қызметкерлерінің монополияға қарсы заңнаманың талаптары, қолданыстағы монополияға қарсы комплаенс жүйесі туралы және бұзушылық үшін жауапкершілік туралы ақпараттандырылуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтауға бағытталған өзге де мақсаттар мен міндеттер болып табылады.
нарық субъектісі басшылығының монополияға қарсы комплаенс жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне қызығушылығы, сондай-ақ нарық субъектісінің монополияға қарсы комплеанс ережелерін іске асыруға тартылуы;
монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдерін бағалаудың жүйелілігі;
монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеуінің үздіксіздігі, сондай-ақ монополияға қарсы комплаенс жүйесінің тиімділігін тұрақты жетілдіру және арттыру;
тәуекелдерге нақты уақыт режимінде ден қою мүмкіндігін қамтамасыз ету;
комплаенс-саясатты жылжыту үшін мамандардың біліктілігін арттыру және жалдау;
тәуекелдерге шоғырландырылған көзқарасты тұжырымдау үшін ынтымақтастық және күш-жігерді үйлестіру;
монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеу тиімділігіне қызығушылық;
монополияға қарсы комплаенстің белгіленген мақсаттары мен міндетерін ұстану;
монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеуінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету.
Санамаланған қағидаттар толық болып табылмайды. Нарық субъектісі қағидаттарды өзінің ұйымдық құрылымына және қызмет бағытына сәйкес айқындайды.
Параграф 2. Жауапкершілікті бөлу
лауазымды адамдардың жауапкершілігін бөледі;
монополияға қарсы комплаенсті әзірлеу және енгізу жөніндегі уәкілетті бөлімшені (лауазымды адамды), оның міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
монополияға қарсы комплаенсті қолданысқа енгізеді, оған өзгерістер енгізеду, сондай-ақ монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеуін регламенттейтін өзге де ішкі құжаттарды қабылдайды;
монополияға қарсы комплаенсті сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік шараларын қолданады;
монополияға қарсы комплаенстіің жұмыс істеу тиімділігін кезеңдік бағалау материалдары мен нәтижелерін қарайды және анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қабылдайды;
монополияға қарсы комплаенстің анықталған кемшіліктерін жоюды бақылауды жүзеге асырады.
уәкілетті бөлімшенің (лауазымды адамның) тікелей басшыға есеп беруі;
уәкілетті бөлімшенің (лауазымды адамның) өз міндеттерін орындауы үшін қажет өкілеттіктері мен ресурстарының жеткіліктігі.
монополияға қарсы комплаенстің жобасын, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгзу (қажет болған жағдайда) туралы актінің жобасын, сондай-ақ монополияға қарсы комплаенс рәсімдерін регламенттейтін өзге де ішкі құжаттарды дайындау және басшылыққа ұсыну;
тәуекелдерді және монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдерінің туындау ықтималдығын анықтау, монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдерімен байланысты мән-жайларды есепке алу;
қызметкерлерге монополияға қарсы заңнаманы және монополияға қарсы комплаенсті сақтаумен байланысты мәселелер бойынша консультация беру;
монополияға қарсы комплаенспен байланысты мәселелер бойынша қызметкерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
монополияға қарсы заңнамадағы өзгерістерді қадағалау;
рәсімді әзірлеу және қызметкерлердің монополияға қарсы комплаенсті сақтауының ішкі мониторингін ұйымдастыру;
монополияға қарсы органмен өзара іс-қимыл және оларға өз функцияларын жүзеге асыруымен байланысты мәселелерге қатысты бөлікте (тауар нарығына талдау, тергеп-тексеру жүргізу және басқа) жәрдемдесуді ұйымдастыру;
басшыны монополияға қарсы заңнаманы бұзушылыққа әкеп соғуы мүмкін ішкі құжаттар және (немесе) қызметкерлердің әрекеттері туралы хабардар ету;
монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеуімен байланысты өзге де функциялар.
Параграф 3. Комплаенс-тәуекелдерді бағалау
нарық субъектісінің жарғысын және өзге де ішкі құжаттарын талдау;
тұтынушылармен, жеткізушілермен және (немесе) өзге де нарық субъектілерімен жасалатын шарттарды талдау;
тұтынушыларға қызметтер көрсету практикасын талдау;
қызметкерлерге сауалнама жүргізу;
монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың (болған кезде) болуы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру;
тиісті және аралас тауар нарығында монополияға қарсы бақылауды жүзеге асыру практикасын талдау;
қорытынды және монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдерінің тізбесін дайындау;
нарық субъектісінің сайтында (ол болған кезде) комплеанс-тәуекелдерге жүргізілген бағалау нәтижелері туралы ақпаратты орналастыру;
монополияға қарсы заңнама нормаларына сәйкестігі тұрғысынан бағалық саясатты, жеңілдіктер жүйесін талдау;
нарық субъектісінің сайтын, жарнама буклеттерін талдау;
нарық субъектісінің қауымдастықтарға қатысуына байланысты құжаттарды талдау;
нарық субъектісінің комплеанс-тәуекелдерге жүргізген бағалау қорытындылары және оларды жою бойынша ұсынымдар бойынша негізгі тұжырымдармен есеп дайындау.
ұйымдастыру тәуекелдері - нарық субъектісінің жұмысын ішкі ұйымдастырумен байланысты тәуекелдер (менеджменттің және (немесе) нарық субъектісі қызметкерлерінің қателері, ішкі бақылау жүйесінің жетілмеуі және басқа);
өндірістік тәуекелдер – оның процесінде шикізатты тиімсіз пайдалану, өзіндік құнның негізсіз өсуі, жұмыс уақыты ысыраптарының ұлғаюы, өндірістің жаңа әдістерін пайдалану мәселелері туындайтын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен байланысты тәуекелдер;
нарықтық тәуекелдер - экономикалық конъюнктураның тұрақсыздығымен байланысты тәуекелдер (тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын төмендетумен байланысты қаржылық ысыраптар тәуекелі, өнімге сұраныстың азаю тәуекелі, валюта тәуекелі, өтiмдiлiкті жоғалту тәуекелi және басқа);
қаржылық тәуекелдер – қолайсыз қаржылық салдарлардың туындау ықтималдығы (кірісті жоғалту, контрагенттің міндеттемелерді орындамауы, кредитті қайтармау тәуекелі, дебиторлық берешек және басқа).
Параграф 4. Тәуекелдерді басқару тетіктерін құру
монополияға қарсы заңнаманы сақтауға кедергі келтіретін рәсімдерді регламенттеу (мысалы, құжат айналымы, сатып алу, шарттар жасасу, шағымдар мен талаптарды қарау, монополияға қарсы органдармен өзара іс-қимыл);
қызметкерлерді монополияға қарсы комплаенсті регламенттейтін құжаттармен және монополияға қарсы заңнамадағы өзгерістермен таныстыру;
монополияға қарсы комплаенстің мақсаттары мен міндеттерін сақтау, сондай-ақ негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу;
қызметкерлерді заңды іс-әрекетке және монополияға қарсы комплаенстің талаптарын сақтауғы ынталандыру;
монополияға қарсы талаптарға және монополияға қарсы комплаенстің рәсімдеріне оқу тренингтерін өткізу;
монополияға қарсы заңнаманы сақтау бойынша ішкі құжаттарға жатқызылған нұсқамалар әзірлеу және оларды қызметкерлердің қолдануын қамтамасыз ету;
ішкі құжаттарды монополияға қарсы заңнамаға сәйкестігіне тексеру;
қызметкерлердің монополияға қарсы заңнаманың және монополияға қарсы комплаенстің талаптарын сақтау мониторингі;
бөгде тұлғалармен өзара қарым-қатынасты түзету:
бизнес бойынша серіктестіктері таңдау кезінде тиісінше сақтық көрсету;
келісімшарттарда комплаенс-түсіндірмелерді (кепілдіктер, сендіру, мүдделер қақтығысы құралдарын) және т.б пайдалану.
Параграф 5. Қабылданған шараларды орындауды қамтамасыз ету
қызметкерлерді монополияға қарсы комплаенс бойынша ішкі құжаттармен (қол қойып) таныстыру;
монополияға қарсы комплаенс бойынша ішкі құжаттармен таныстыру туралы талаптарды еңбек шартына (келісімге) енгізу;
монополияға қарсы комплаенсті қабылдау (қолдану) туралы ақпаратты нарық субъектісінің сайтында (ол болған кезде) орналастыру арқылы қол жеткізіледі.
Параграф 6. Комплаенс-бақылауды енгізу
ұлттық заңнама (Кодекс, заңдар және заңға тәуелді нормативтік актілер);
нарық субъектісінің ішкі құжаттары (ережелер, нұсқаулықтар, рәсімдер және т.б.);
монополияға қарсы бұзушылықтар (болған кезде) белгілерін қарау;
монополияға қарсы комплаенстің аудитін өткізу;
монополияға қарсы бұзушылықтар белгілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу және оларды қудалаудан қорғау;
оларды азайту жөніндегі практикалық ұсынымдармен тәуекелдер матрицасын құру;
нарық субъектісінің қызметкерлері үшін тренингтер және оқыту семинарларын өткізу;
персоналға монополияға қарсы комплаенс бойынша ішкі құжаттарды және бизнес-процестерді білуіне тестілеу өткізу;
комплаенс-жүйені тұрақты негізде жетілдіру;
монополияға қарсы заңнама мәселелері бойынша консультациялық қызметтер.
Параграф 7. Монополияға қарсы комплаенстің тиімділігін бағалау
Басқару органының функциялары нарық субъектісінің консультативтік-кеңесші органына жүктелуі мүмкін.
Нәтижелелік түрлі коэффициенттер серпінін есептеумен айқындалады, мысалы бұзушылықтар санының азаюы, комплаенс шараларын енгізу сәтіне деңгейімен салыстырғанда тәуекелдердің ағымдағы деңгейі, талаптар мен шағымдар саны және т.б.
Комплаенстің өнімділігі нарық субъектісі қабылдайтын шаралардың жеткіліктігі мен ең аз қажетті шағымдардың арақатынасымен айқындалады. Күш-жігер мен ресурстарды (өндірістік, қаржылық, адами), нарық субъектісінің заңды мүдделері үшін зиян келтірместен оңтайлы жұмсаған кезде монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтың алдын алатын жүйе өнімді деп танылады.
монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдеріне жүргізілген бағалау нәтижелері туралы;
монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы;
монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеу тиімділігінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы;
іске асырылатын шараларды жетілдіру және өндірістік, қаржылық, адами ресурстарды оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы;
монополияға қарсы комплаенстің жұмыс істеуі туралы өзге де ақпарат болуы мүмкін.
нарық субъектіне тәуелді Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сақтаудың және монополияға қарсы комплеанстің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің барлық шараларын қабылдау;
нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы орган тарапынан санкциялардың алдын алу және азайту
монополияға қарсы заңнаманың талаптарын немесе нарық субъектісінің ішкі құжаттарын сақтамау тәуекелдерін анықтау және алдын алу;
нарық субъектісі қызметінің тиімділігін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Монополияға қарсы комплаенстің ішкі
актісін әзірлеу мен енгізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдарға
қосымша
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу тәуекелдерінің деңгейлері
Тәуекел деңгейі |
Тәуекелдің сипаттамасы |
Төмен деңгей
|
азаматтық қоғам институттарының нарық субъектісінің қызметіне теріс әсері, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту, әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны алу, әкімшілік іс қозғаудың, айыппұл салумен және (немесе) нұсқама шығарумен әкімшілік жауапкершілікке тарту ықтималдығының болмауы |
Елеусіз деңгей |
монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескертуді, әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны алу ықтималдығы |
Елеулі деңгей |
монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеп-тексеру жүргізудің ықтималдығы |
Жоғары деңгей |
әкімішлік іс қозғау, айыппұл салумен және (немесе) нұсқама шығарумен әкімшілік жауапкершілікке тарту ықтималдығы |