"Тауар сатушының (өнім берушінің) еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жариялау қолжетімділікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 191-1-бабына сәйкес әзірленді және тауар сатушының (өнім берушінің) еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жариялау қолжетімділікте орналастыру тәртібін айқындайды.
Қағидалардың жобасы нарық субъектісінің ақпаратын интернет-ресурста орналастыруды көздейді. Интернет-ресурс болмаған кезде ақпарат тауарды өткізу орнында ашық қолжетімділікте орналастырылады, сондай-ақ тұтынушының сұратуы бойынша беріледі.
Бұйрық жобасы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес әзірленді.
Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен "Ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14003277 немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/269192?lang=kk
Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар e.eraliev@azrk.gov.kz электрондық мекен-жайға қабылданады.