Тауар сатушының (өнім берушінің) нарық субъектілерінің еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру бекіту туралы қағида

 

Тауар сатушының (өнім берушінің) нарық субъектілерінің еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру бекіту туралы қағида

 

           Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 191-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған тауар сатушының (өнім берушінің) еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидалары бекітілсін.
  2. Қаржы нарықтары және өзге салалар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

           1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

           2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары М. Т. Омаровқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Бұйрығымен бекітілген

 

Тауар сатушының (өнім берушінің) нарық субъектілерінің еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жариялау қолжетімділікте орналастыру қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы тауар сатушының (өнім берушінің) нарық субъектілерінің еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жариялау қолжетімділікте орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 191-1-бабына сәйкес әзірленді және тауар сатушының (өнім берушінің) еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жариялау қолжетімділікте орналастыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда тауар деп азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет түсініледі.

         Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде айқындалған.

  1. Нарық субъектілері осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен тауар сатушының (өнім берушінің) еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.

 

  1. Сатушының еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру тәртібі

(өнім берушінің) тауарды

 

  1. Ақпаратты орналастыру оны нарық субъектісінің интернет-ресурсында жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.

Интернет-ресурс болмаған кезде ақпарат тауарды өткізу орнында ашық қолжетімділікте орналастырылады, сондай-ақ тұтынушының сұратуы бойынша беріледі.

  1. Тұтынушының сұрау салуы бойынша орналастырылуға және (немесе) ұсынылуға тиіс ақпараттың (бұдан әрі – ақпарат)тізбесі:

1) тауардың атауы;

2) Техникалық, экономикалық және өзге де сипаттамаларды қоса алғанда, тауардың негізгі тұтыну қасиеттері туралы мәліметтер;

3) тауардың массасы, көлемі, саны, мерзімі және өзге де өлшенетін сипаттамалары;

4) тауардың құны;

5) тауар құнының жеңілдіктері мен өзге де азаюы, оларды беру шарттары болып табылады;

6) тауардың құнына енгізілмеген, бірақ тауарды сатып алу кезінде қажетті қосымша үстемеақылар мен өзге де төлемдер;

7) тауарды сатып алу шарттары;

8) кепілдік мерзімінің болуы (болмауы), оны ұсыну шарттары;

9) тауардың дайындалған күні мен орны, шығарылған елі;

10) тауардың қызмет ету мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі;

11) сатушының (дайындаушының, Орындаушының) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы), дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жері;

12) тауар берушінің ұқсас тауарды басқа жеткізушілермен үлестес болуы;

13) тауар сатушының (өнім берушінің) еркін ауысуын және оның тұтынушыларының тауарды саналы түрде таңдауын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

  1. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты ақпарат жариялануға жатпайды.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Тауар сатушының (өнім берушінің) еркін ауысуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жариялау қолжетімділікте орналастырмау тауар сатушының (өнім берушінің) ауысуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатын кедергілер жасау болып табылады.

__

___________________________________________

 

приказ
Дата публикации
16 февраля 2022