
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді (2022 жылғы 3 қаңтар № 101 - VII).
Атап айтқанда, бұйрық жобасы Кәсіпкерлік кодекстің 120, 193-баптарына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтірілді, оларға сәйкес жаңа «арнайы құқық» институты енгізілді, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алу негізінде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері іске асыратын қызметтерге бағаларды қалыптастыру көзделеді.
Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13989199
немесе Агенттіктің сайтында
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/262416?lang=ru
Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар n.abilgazin@azrk.gov.kz электрондық мекен-жайға қабылданады.
Сурет ашық көздерден алынды