
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
Тұжырымдама нарық субъектілері үшін қолайлы бәсекелестік орта құруға және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жәрдемдесуге бағытталған. Бұл мақсаттарға бәсекелестікті тежейтін жүйелі кедергілерді жою, бәсекелестікті қорғау тәсілдері мен тетігін жетілдіру арқылы жету жоспарлануда.
Тұжырымдама жоспарымен елдегі бәсекелестік саясатты дамытудың тиісті қағидаттары мен тәсілдері айқындалған.
Негізгі қағидаттар ретінде мыналар айқындалды:
Бәсекелестік саясатты іске асыру келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
1) биржалық (ұйымдастырылған) сауданы дамыту (биржалық тауарлар тізбесін кеңейту және биржалық сауда-саттық көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту);
2) негізгі қуатқа тең қол жеткізу (қол жеткізу қағидаттарын айқындау: ашықтық, ақылылық; шарттарды, мерзімдерді, бас тарту негіздерін нақтылау және т.б.);
3) мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқарту (мемлекеттік меншікті секторалдық талдау; квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін оңтайландыру; мемлекеттік тапсырмалар мен мемлекеттік операторлар санын қысқарту; ӘКК қызметін реттеу);
4) тауар нарықтарына кірудің әкімшілік және экономикалық кедергілерін қысқарту (бәсекелестікті дамытудың салалық жоспарлары; нормативтік құқықтық актілер жобаларының бәсекелестікке әсерін бағалау; баға белгілеудің бұрмалануына әкелетін факторларды жою; кедергілер бойынша краудсорсингтік алаңдар);
5) кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына (жаңа шараларды, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау қағидаларын келісу және бәсекелестік заңнаманы сақтау тұрғысынан қолдау шараларын ұсынатын тұлғалар қызметінің мониторингі) және мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы сатып алуға тең қол жеткізуі;
6) монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар жүйесін іске асыру (нарықтардың ашықтығын қамтамасыз ету («Open markets»);
7) бәсекелестікті қорғау және дамыту тетіктерін жетілдіру (экономикалық талдау сапасын арттыру, бәсекелестік жөніндегі бас экономист институтын (Chief Competition Economist) енгізу; экономикалық шоғырлануды реттеу тетіктерін жетілдіру; баға белгілеудің 5 схемасы (жосықсыз «уытты бәсекелестік» практикасына қарсы күрес); түсіндіру және ұсынымдар институттарын дамыту («guidelines»).
Барлық мүдделі тараптарды Тұжырымдама жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13959158
немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/252910?lang=ru сілтеме бойынша танысуға болады.
Сондай-ақ Тұжырымдама жобасына ескертулер мен ұсыныстарды s.zhunis@azrk.gov.kz электрондық мекенжайға жолдасаңыздар болады.