АВТОӨНДІРУШІЛЕРДІ ЛИЗИНГТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНАН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ НОРМАЛАР ЖОЙЫЛДЫ

АВТОӨНДІРУШІЛЕРДІ ЛИЗИНГТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНАН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ НОРМАЛАР ЖОЙЫЛДЫ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің нұсқамасын орындап, "Бәйтерек" ҰБХ " АҚ кредит беру" қаржылық-экономикалық негіздеме бағдарламасына және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ лизингтік қаржыландыру бағдарламасының қаржыландыру тетігін жою бөлігіне өзгерістер енгізді,  Қазақстандық автобизнес қауымдастығы соның негізінде әрбір автоөндірушіге лизингтік қаржыландыру кезінде лимиттер сомасын айқындаған.  Осы жылдың 19 қарашасынан бастап әрбір автоөндірушіні лизингтік қаржыландыру кезінде лимиттер сомасын комиссия айқындайды, оның құрамына ИИДМ Индустриялық даму комитеті бекіткен лизингтік қаржыландыру бағдарламасына қатысатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері кіреді.  

Осылайша, белгілі бір қауымдастыққа отандық өндірушілерді лизингтік қаржыландыру бағдарламасына қатысушылар арасында қаржыландыру лимитін бөлу функцияларын беретін бәсекелестікке қарсы нормалар жойылды. Бұған дейін Агенттік ИИДМ мен Өнеркәсіпті дамыту қорына қатысты шығарылған нұсқамалар туралы хабарлаған болатын.

https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/273272?lang=ru