«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:
2-бөлімнің:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
2. |
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Кисловодская көшесі, 34 |
1) шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын шұғыл шақыру жүйесінің операторы; |
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 56) тармақшасы, 33-бабы |
|
2) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы. |
«Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8-4) тармақшасы, 6-2-бабы |
»;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
9. |
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы |
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 118 |
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы |
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы |
»;
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
19. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 15а |
1) заңнамалық актілер жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу; |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағы |
|
2) заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету; |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағы |
|||
|
3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу; |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы |
|||
|
4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу; |
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-1 тармағы |
|||
|
5) қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу. |
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2 тармағы |
».
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
Тізілімге сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/359387?lang=kk