«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

№ 126/НҚ от 23.05.2024

 

«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің

мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:

2-бөлімнің:

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

4.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы

Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15

1) өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы;

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 67) тармақшасы, 13-бабы

 

2) қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі);

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 27-3) тармақшасы, 71-1-бабы

3) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы.

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 55) тармақшасы, 13-2-бабы

»;

реттік нөмірі 12 және 14-жолдар алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
    (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін Агенттіктің интернет – ресурсында жаңартуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің

Төрағасы                                           

 

 

 

                                                    М. Омаров

Тізілім сілтемесі: Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы (www.gov.kz) 

Дата публикации
04 июня 2024