«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 2023 жылдың 11 жетоқсандағы 305/НҚ бұйрығы  

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына төмендегідей өзгеріспен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:

2-бөлімнің:

реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;

          мынадай мазмұндағы 19-реттік нөмірлі жаңа жолмен толықтырылсын:

«

1.              

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 15а

1) заңнамалық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарт жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптамасын жүргізу;

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1-тармағы

2) заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптамасын жүргізу;

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағы

3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағы

   ».

  1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
    (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін Агенттіктің интернет – ресурсында жаңартуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің

Төрағасы                                           

 

 

 

                                                    М. Омаров

 

 

Реестрге сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/359387?lang=kk  

Дата публикации
14 декабря 2023