«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы
11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына төмендегідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің 2-бөлімінде:

2-реттік нөмірлі жол келесі редакцияда жазылсын:

 

2

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Кисловодская көшесі, 34

1) шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын шұғыл шақыру жүйесінің операторы;

 «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 56) тармақшасы, 33-бабы

 

2) Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы;

 

 «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағы

 

 

мынадай мазмұндағы 18-реттік нөмірлі жаңа жолмен толықтырылсын:

18

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Астана қаласы, Нұра  ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4-ғимарат

1) Бiрыңғай байланыс орталығы – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беруі бойынша ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын бірыңғай байланыс орталығы;

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9) тармақшасы

 

2) Мемлекеттік корпорация жеке және (немесе) заңды тұлғаларға "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыс жайларды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады

  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 бабының 1) тармақшасы

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
    (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін Агенттіктің интернет – ресурсында жаңартуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

Агенттігінің Төрағасы                                               М. Омаров

 

Реестр сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/359387?lang=kk 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023