Акимат Саркан

Меню

Страницы

Статья

Выступление акима Сарканского района Галымжана Канатовича на церемонии открытия общежитие

Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлының жатахқананың ашылу рәсімінде сөйлейтін сөзі

Ардақты ұстаздар!

Құрметті студенттер!

 Баршаңызды алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін Сіздермен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жатақхананың ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.

Өздеріңізге мәлім бұған дейін колледж студенттері өткен ғасырдың 1974 жылы салынған ғимаратта тұрып келген еді.

Заман талабына сай болмаса да, білмгерлердің сапалы білім алуға, жатын орындарының жақсы болуына барынша жағдай жасап келген колледж басшылығына шынайы Алығысымды білдіремін!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа үндеуінде студенттердің жағдайын жақсартуға тапсырма берген еді.

Соның ішінде жатақхана салу мәселесін қозғаған болатын.

Шалғай ауылдардан білім алуға келген жастарды толық жатақханамен қамтамасыз ету керектігін тапсырған.

Осыған орай, маусым айында ауданымыздың мәртебесі биік білім ордасының бірі Сарқан политехникалық колледжінің жатақханасы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, оған облыстық бюджеттен 224,0 млн.теңге қаражат жұмсалып толығымен аяқталды.

Білім ордасының аумағында 30 жылдан аса қаңырап бос тұрған оқу корпусын колледж студенттеріне ыңғайлы етіп, заман талабына сай жаңа студенттер үйі ретінде қайта жаңғыртып бергелі отырмыз.

Ендігі аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдардан келетін жастар үшін есігін айқара ашып, 55 студентті баспанамен қамтамасыз етпекпіз.

Қазіргі уақытта, жатақхананы толық жабдықтау үшін жиһаз және электротехника сатып алу жұмыстары әліде жалғасуда.

Алдағы уақытта осы колледждің оқу корпусын да заман талабына сай етіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін назардан тыс қалдырмай, жәрдемдесетін боламыз.

 

Дорогие учителя!

Уважаемые студенты!

  От всей души поздравляю Вас с наступающим Днем Независимости Республики Казахстан!

Сегодня, в целях реализации поручения Президента страны по созданию благоприятных условий для молодежи, мы открываем общежитие на 55 мест после капитального ремонта.

Это долгожданное событие для наших студентов и учителей.

Отдельные слова благодарности хотелось бы  выразить подрядной организации ТОО «Строительная компания Шах», а также всем строителям, бригадирам, электрикам, отделочникам, сантехникам, внесшим вклад в строительство данного общежития.

Құрметті қауым!

 

         Отанымыздың Көк туы биікте желбіреп, бейбіт таңымыз арайлап ата берсін! 

         Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, Мәңгілік Елдің мұраты жолында абыройлы еңбек ете берейік!

         Еліміз аман, заманымыз тыныш, шығар биіктеріміз көп болсын!

 

Дата публикации
20 декабря 2022
Дата обновления
20 декабря 2022
Тип
Выступление

Сейчас читают

16 октября 2026
14 октября 2026
17 июля 2026

Социальные медиа

Instagram
Вконтакте
Фейсбук

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы