Жиі қойылатын сұрақтар

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру мекемелерінде  жүзеге асырылады.

Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:

  1. Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);

  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);

  4. 3 х 4 см 2 фотосурет.