Сарқан ауданы Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша округін құру туралы
Сарқан ауданы Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлау бойынша округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабына сәйкес Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданының Сарқан қаласы және Қойлық ауылдық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:
1) Сарқан қаласы әкімінің сайлауы – Сарқан қалалық сайлау округі қала шекараларында.
2) Қойлық ауылдық округі әкімінің сайлауы – Қойлық сайлау округі ауылдық округі шекараларында.
2.Осы қаулы Сарқан ауданы әкімдігінің сайтының «Сайлау» интернет- парақшасында, бұқаралық ақпарат құралдарына және «SARQAN» газетінде жариялансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Нурсалановаға жүктелсін.
Төрағасы М.Естеуов
Хатшы А.Нурсаланова
6
11 қараша 2026 11:33
11 қараша 2026