Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы басты құндылық

«Әдеп» – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі – оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.

Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке  реттейтін – әдептілік. Біздің халқымыз әр кезде де, нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған. Өйткені мағынасы, мәні бәрі өмірден алынған. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігі айшықталған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс ережелері қызметтік әдеп стандарттарында көрініс тапқан.

Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктегі мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы, қызметтен тыс уақыттағы қызметтік әдебінің стандарттары, мәселен, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті. Сонымен бірге, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуы, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс.

Мемлекеттік қызметші әрқашан  Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау өте маңызды, өйткені ол қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста мәдениетті болуға, мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға  талпынуы тиіс. 

     Мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерге жетуді мақсат еткен әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп Кодексін және ҚР мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының талаптарын мұқият сақтап еліміздің дамуына үлесімізді қосуымыз қажет. Әдеп – ол адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережесі. Олай болса әдептілік – әдеміліктің басты белгісі екенін ұмытпаған жөн. Әдеп пен әдептілікті әрдайым сақтап жүрейік, ағайын!

 

Лепсі ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы                                                А.Касымова

Дата публикации
10 февраля 2025
Дата обновления
10 февраля 2025
Тип
Для СМИ

Сейчас читают

Информация
09 июня 2026
Государственные услуги
Для СМИ
10 февраля 2025
Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы басты құндылық
Для СМИ
07 июня 2024
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер - өмір сапасы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы