Қойлық ауылдық округінің құрметті тұрғындары!
«Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ халыққа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Ауылдық округ әкімінің аппараты және электронды үкімет порталы арқылы азаматтар келесі мемлекеттік қызметтерді ала алады:
* Жер учаскесінің мақсаттық бағытын өзгерту туралы шешім беру;
* Елді мекен шегіндегі нысан салу үшін жер учаскесін беру;
* Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту;
* Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
* Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша қажеттілігі бар азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
* Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек тағайындау;
* Өтініш берушінің (отбасының) бағытталған әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтама беру;
* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер тізілімінде көзделген басқа да мемлекеттік қызметтер.
Мемлекеттік қызметтер заңнамада белгіленген мерзімдерде тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер алу үшін сіз «Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не жүгіне аласыз немесе электронды үкіметтің eGov.kz порталын пайдалана аласыз.
«Қойлықауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021366 https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021366