Меню
Страницы

Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, актер, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай " Қазақ киносының алыбы" атты кітап көрмесі қойылды « Шәкен Айманов және қазақ киносы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Кітапханаға Үлкеншыған орта мектебінің оқушыларымен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнаған жайлы, «Дала қызы», «Махаббат туралы аңыз», «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар көсе» т.б. ұлттық кинематографияның алтын қорына енген фильмдері туралы мағлұмат алды. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі Шәкен Айманов қазақ өнерінің жанданып, дамуына үлкен үлесін қосты. Оқушылар өз білгендерінше Шәкен аталарының түсірген киноларын және оның актерлік шеберлігі жайында әңгімелеп айтып берді. Әсіресе, оларды «Алдар көсе» рөлін сомдағандығы қатты ұнайтындықтарын жеткізді. Көрмеге Шәкен Аймановтың өміржолы, шығармашылығы, актерлік, режисерлік шеберлігі туралы материалдар қойылды. Көрмеге қойылған кітаптар оқырмандар назарын аударды. Осы кештен балалар Шәкен Аймановтың тек қана актер емес, оның режиссер болғандығын, оның көптеген халық жүрегінен орын алатын кинолар түсіргендігі жайында біліп қайтты.

Социальные медиа
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы