
2024 жылдың 13-наурыз күні Панфилов ауданы, Талды ауылдық округі, Талды ауылы, Д.Рақышұлы атындағы орта мектебі МДШО-да Панфилов ауданы аумағында қоғамдық бірлік пен азаматтық бірегейлікті сақтау мақсатында құрылған ақпараттық түсіндіру тобының жиыны болып өтті. Жиынға Талды ауылы мешітінің имамы Садуакасов Рақымғазы Даниярұлы, ардагер ұстаз Бердібеков Сатқымбай Нұрғалықұлы, ұстаздар мен ата-аналар, жоғары сынып оқушылары, сонымен қатар мектепте құрылған "Аталар мектебі", "Әжелер мектебі", "Әкелер мектебі", "Аналар мектебі" клубтарының мүшелері қатысты.