"Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдік пен округ әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультациялық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
Сарыбел 1950-97 жылдары жүгері өсіретін ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Сарыбелде және округке қарасты Садыр, Тұрпан ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Орталығы – Сарыбел ауылы, құрамында 3 ауыл бар: Сарыбел, Садыр, Тұрпан. Аудан орталығынан 30 км жерде орналасқан. 2024 жылғы мәлімет бойынша 5024 адамды құрайды. Сарыбел ауылдық округінде 3 мектеп, 1 балабақша, 1 мектеп жанында шағын орталық, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер – акушерлік пункт, 1 үймен біріктірілген жергілікті полиция учаскесі, 1 ветеринарлық пункт, 1 өрт сөндіру бөлімшесі бар.
| Мекенжай: | Жетісу облысы , Панфилов ауданы , Сарыбел ауылдық округі, Сарыбел ауылы, Сатай батыр көшесі №26 |
| Индекс: | 041324 |
| Email: | zhanibek.bolatov@zhetysu.gov.kz |
| Қабылдауға жазылу үшін: | 8(72831)33834 |
| Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлға: | Турдығазы Назерке Қалиқызы |
| 8(72831)33741 |



Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған


