"Қарызсыз қоғам" жобасы аясында семинар ұйымдастырылды.


2024 жылдың 12-16 ақпан күндері аралығында Пенжім ауылында Бірлік ауылдық округі, Басқұншы ауылдық округі және Пенжім ауылдық округінің тұрғындары үшін қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында семинар ұйымдастырылды. Аталған шараға Бірлік ауылдық округінен 15 адам қатысып, білімдерін арттырды. Қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Басталу уақыты
12 ақпан 2024
Соңғы күні
16 ақпан 2024
Оқиға түрі
Семинар