II жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы ақпарат

II жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы  ақпарат

2023 жылдың II жартыжылдығында қабылданған тыңдаушылар саны (мемлекеттік және ағылшын тілі курсы) - 1351 (қараша айында «Қазақша сөйлейік» клубына жоспарлы түрде 500 тыңдаушы қабылданады), топ саны - 99. Оның ішінде 198 мемлекеттік, 649 бюджеттік сала қызметкерлері, 504 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 793-і қазақ, 558-і этнос өкілдері (42 %).

Мемлекеттік тілді оқыту курсына қабылданған тыңдаушылар саны –955, топ саны - 69, оның ішінде 128 мемлекеттік, 475 бюджеттік сала қызметкерлері, 352 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 431-і қазақ, 524-і этнос өкілдері (55 %).

А1 Қарапайым деңгей бойынша - 229 тыңдаушы, А2 Базалық деңгей бойынша - 209 тыңдаушы, В1 Орта деңгей бойынша - 149 тыңдаушы,  В2 Ортадан жоғары деңгей бойынша - 246 тыңдаушы, ісжүргізу курсы бойынша - 122 тыңдаушы оқып жатыр.

Ағылшын тілі курсы бойынша 396 тыңдаушы қабылданды. Топ саны - 30, оның ішінде 70 мемлекеттік, 174 бюджеттік сала қызметкерлері,   152 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 362-і қазақ, 34-і этнос өкілдері (9 %).

А1 (Beginner) - 282 тыңдаушы, A2 (Elementary) - 88 тыңдаушы,  B1 (Pre-Intermediate) - 26 тыңдаушы оқып жатыр.