«Мемлекеттік тіл: денсаулық сақтау саласында» атты ғылыми-практикалық конференциясы

«Мемлекеттік тіл: денсаулық сақтау саласында» атты ғылыми-практикалық конференциясы

 

2023 жылғы 26 сәуір күні  Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл: денсаулық сақтау саласында» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

       Арнайы шақырылған қонақтар Тіл сарайының тыныс тіршілігімен танысып, М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

        Шараның мақсаты: денсаулық сақтау саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тәжірбие алмасу, ортақ ой-пікір қалыптастыру, медицина саласы қызметкерлеріне қолдау көрсету, ынталандыру.

        Жиынға Жетісу облысы әкімдігі өкілі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өкілдері, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы өкілі, денсаулық сақтау басқармасы қызметшілері, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қаласы  қоғамдық денсаулық басқармасының «Алау» оңалту орталығы өкілі, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлері, облыстық, аудандық, қалалық медицина саласы қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

       Конференцияға Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы басшысы А. Алдангорова,  Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы А. Жансеңгіров, Алматы қаласы  Қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының «Алау» оңалту орталығы сарапшысы А. Мыржықбаева,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі терминологиялық комиссия мүшесі, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің лекторы Б. Шәкенов,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі терминологиялық комиссия мүшесі, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті гистология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент                М. Ерғазина, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Г. Шүкенай медицина саласындағы тіл мәселесі бойынша өз баяндамаларын оқып пікір алмасты.

       Конференияға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер, баяндамалар бойынша ой-пікірлерін білдіріп белсенділік танытты.

       Шара соңында тіл жанашырларына Алғыс хат табыс етілді.

       Медицина саласында іс жүргізуге арналған облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының арнайы дайындаған тренингі ұйымдастырылды, әдістемелік көмек көрсетілді.