
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру:
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жетісу облысының еңбек инспекциясы басқармасына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар
Еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі