Көксу ауданы әкімі Д.Халеловтың Мұқыры ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде жасалатын баяндамасы
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 20 қарашадағы №399 Жарлығына сәйкес 2024 жылдан бастап қала, аудан әкімдері жылына 2 рет халықпен кездесу өткізеді. Менімен бірге кезекті халықпен кездесуге мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Әр кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелерді шешу үшін және Мемлекет басшысының тапсырмаларына байланысты экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, халықтың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жолында біз тиісті шараларды қабылдаймыз.
Бүгінгі кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен және бұған дейін көтерілген мәселелердің орындалуы барысы туралы баяндайтын боламын.
2026 жылдың 4 айында 4 әкімдік мәжілісі, 15 аппараттық жиын өткізіліп, 195 қаулы, 68 өкім, 27 шешім қабылданды.
Жеке мәселелерімен ауданның 37 тұрғынын қабылдап, 5 өтініш қанағаттандырылып, 1 өтініш бойынша жұмыстар атқарылу үсітнде, 31 өтініш бойынша заң аясында түсініктемелер берілді.
Азаматтардың өтініштерін қарау тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Бүгінгі күнге аудан бойынша 266 өтініштер мен ұсыныстар түсіп жауаптары заңмен белгіленген уақытта жауап берілді.
2025 жылдың қараша айында өткен халықпен кездесуде аудан тұрғындарынан 13 сұрақ көтерілді, 4-і - жұмыс барысында, 9-на -түсініктеме берілді.
Баяндамадан кейін сұрақ-жауап және жеке қабылдау өткіземін.
Ағымдағы жылдың І-тоқсаны бойынша ауылшаруашылық өнімінің көлемі 4441,6 млн.теңге көлемінде өндірілді, НИК 101,6 пайызға орындалды (2025ж–3073,3 млн.тг).
Жылдың қорытындысымен 42644,9 млн.теңгенің өнімін өндіріп, (2025 ж – 38776,9 млн.тг) НИК 104,2 пайызға орындау жоспарлануда.
Биылғы жылы егістік көлемін 31,3 мың гектарға жоспарлап отырмыз, оның 19,1 мың – суармалы егістікте, қалған 12,2 мың – тәлімдік (багара) жерлерде. (2025 ж. – 31,4 мың га).
Бүгінгі күнге жоспарланған 10,7 мың гектар дәнді дақылдар (бидай – 3,5 мың га, арпа – 5,3 мың га, жүгері-1,9 мың га) толығымен себілді.
Жоспардағы 2,9 мың гектар қант қызылшасы толықтай егілді.
10,5 мың гектар майлы дақылдар егу жоспарланып, 8,1 мың гектары себілді.
Сонымен қатар, 864,1 гектар картоптың 505,5 гектары, 844 гектар көкөністің 418 гектары және 5,4 мың гектар мал азығын толығымен себілді.
2026 жылға көктемгі дала жұмыстарына 76 шаруа қожалықтарымен 380,7 тонна арзандатылған жанар – жағармайға сұраныс беріліп, 31 шаруа қожалықтары 121 тонна арзандатылған жанар – жағармай алды.
2026 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарына жалпы 57 шаруа қожалығынан 1253,9 млн. теңгеге жеңілдетілген несиеге өтінім түсті, 51 өтінім мақұлданып, оның 38 өтінім бойынша 791,8 млн.теңге берілді, 315,4 млн.теңгеге 6 өтінім қаралу үстінде.
Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін қолдауға бағытталған «Агробизнес» бағдарламасымен 103,1 млн.теңгеге 5 өтінім қарастырылып, 4 өтінім бойынша 93,0 млн.теңге жеңілдетілген несие берілді.
4 айда 117,8 млн. теңгеге 8 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алынды (5-уі лизинг, 3-уі өз қаражаты есебінен).
«Ислам даму банкі» арқылы қарыз есебінен жалпы құны 7,2 млрд теңге болатын, ұзындығы 108 шақырым болатын каналдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. (11342 метр Г-блоктары және 40782 метр темір бетон науалары ауыстырылады, 460 дана гидротехникалық құрылымдар салынады, мердігер компания «Казстройподряд ЖШС», 2023-2026ж.ж.).
Суару желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарының 1-кезеңі бойынша: Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты «Р-1», «Р-3», Лабасы ауылдық округіне қарасты «Көк-тоған» каналдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
(Қазіргі уақытта 11088 метр Г- блоктары және 31348 метр ЛР темір бетон науалары және 205 дана гидотехникалық құрылымдар жасалынды).
Құрылыс жұмыстарына 16 техника 64 жұмысшы жұмылдырылды.
Ислам даму банкінің 2- кезеңінде ұзындығы 157,7 шақырым болатын 27 каналда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. (мердігер «Универсал строй сервис ЖШС» 2025-2027ж.ж., соммасы: 13,9 млрд теңге).
Қазіргі уақытта Лабасы ауылдық округіне қарасты Мамбет каналында 416 метр Г-10 блоктары, Балпық ауылдық округіне қарасты Ақшатоған каналында 92 метр Г-15 блоктары, Нурабай каналында 165 метр Г-15 блоктары, Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты «Р-3» каналында 750 метр ЛР-60 темір бетон науалары, Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Бақытжан каналында 2000 метр Г блоктарының табаның бетондау жұмыстары жүргізілуде.
Жоба 2027 жылы толық аяқталып, нәтижесінде 16 мың гектарға жуық аумақта сумен қамтамасыз ету жақсартылады.
Ауданымызды су үнемдеу технологияларын 5 шаруа қожалығы 1010 гектар жерде қолданып келеді,. Бұл жобалар Мұқаншы, Мұсабек, Мұқыры округтерінде қолға алынған.
Ауданның мал шаруашылығына тоқталатын болсам, осы жылдың 3 айында төрт түліктің саны өскен. Анықтама үшін: 48,4 мың бас ірі қара (103,0%), 240,8 мың бас ұсақ мал (100,6%), 31,5 мың жылқы (110,2%).
Былтырғы жылмен салыстырғанда ет 1,1 пайызға, сүт 0,7 пайызға, жұмыртқа 0,2 пайызға артық өндірілді және мал бордақылау алаңдарының жүктемесі 1,6 пайызға артты.
Жер мәселесіне тоқталсақ 2026 жылға жоспар бойынша Қазақстан Республикасы жер заңнамаларын бұза отырып, берілген жерлерді немесе пайдаланылмай жатқан 3500 га жер телімінің 2200 га аудан жер қорына алынды, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылық айналымына енгізу бойынша 2026 жылға жоспарланған 6700 га жер телімінің 5930 га жер телімі елді мекеннің қоғамдық жайылымына бекітілді, 1666 га жер телімі 01 маусымда өткізілетін конкурс арқылы қайта айналымға енгізіледі.
Ауданның өнеркәсіп саласында биылғы 3 айда 6396,2 млн. теңгенің (НКИ 87,7%) өнімі өндірілді (1 ірі 4 орта кәсіпорын жұмыс істейді), ал жыл соңына өнеркәсіп өнімінің көлемін 39500,0 млн. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда (НКИ – 103,5%).
Жалпы ауданның өнеркәсіп өнімінің облыстағы үлесі 6,2%-ды құрайды.
Жыл басынан ауданға 2869,1 млн. теңге
инвестиция тартылды (НКИ-202%, 2025 ж.3 ай 1349,0 млн. теңге).
Тартылған инвестициялардың 2869,1 млн. теңгесі (100%) бюджеттен тыс көздерге тиесілі. Жыл соңына негізгі қорға тартылатын инвстиция көлемін 29300,0 млн. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда (2025 ж – 27451,4 млн.тг) НКИ – 202,0%.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – маңызды саланың бірі болып табылады.
2026 жылдың І-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 363 бірлікті құрады (2025 ж. 3 ай – 4379 бірлік), онда 6,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 931,0 млн. теңгенің салығы жиналды (былтырғыдан 34,8% артқан, 2025 ж. – 690,3 млн. теңге).
Тұрғын үй құрылысына келсек Балпық би ауылында құны 2,2 млрд. теңге болатын, екі 60 пәтерлі несиелік үйдің құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылдың тамыз айы («СЕМ Шоғы құрылыс» ЖШС, дайындық деңгейі - 35%).
Сонымен қатар, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 70 жеке тұрғын үйді сатып алуға 1320,8 млн теңге қаражат қарастырылды.
Балпық би ауылында жеке тұрғын үйдің құрылыс аймағынан 35 кВ екі жоғары вольтты желіні көшіру жұмыстары жүргізілуде, аяқтау мерзімі 2026 жылдың желтоқсан айы (құны - 192,5 млн. теңге ).
Балпық би ауылында да кәріз желілерін салуға «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 2025 жылға 300 млн. теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылға 170 млн. теңге қарастырылып, жобаны аяқтау 2027 жылға жоспарланды. (жобаның жалпы сомасы - 600,9 млн. теңге).
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында аудан бойынша 34 елді мекеннің газдандыруға жататын 26 елді мекен толықтай орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.
Одан бөлек Балпық би ауылында газбен қамтылмай қалған көпқабатты тұрғын үйлерге құбыр тарту жұмыстары аяқталуда.
Аудан бойынша газ желісі толық тартылып, инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталғанымен, тұрғын үйлерді нақты қосу деңгейі қазіргі таңда 52,2 % құрап отыр.
Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету толығымен шешілген, барлық 34 елді мекен орталықтандырылған сумен 100% қамтылған.
З.Тамшыбай ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайын. Қазіргі таңнда жобаны қаржылындыру көздері қарастырылуда.
Балпық би ауылындағы Исабаев көшесі 117-117а, 7б, 1, 3 ші үйлердің және Сейфуллин көшесі 32-33 үйлерінің ауласында балаларға арналған ойын алаңын жайластыру жұмыстары бойынша конкурстық-рәсімдер жүргізілуде (51,067 ж/е 54,744 млн теңге).
Сонымен қатар, орталық саябақты күрделі жөндеу жөндеу жұмыстарына 200,0 млн теңге қарастырылды (951,9 млн теңге).
Жамбыл ауылында да саябақ салу жобасы іске асырылуда. Қыркүйек айында қолданысқа беріледі (2025 жылы 43,7 млн. теңге, 2026ж бөлінді).
Ауданда автомобиль жолдарына да барынша көңіл бөлінуде.
Жалпы жолдардың күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 2026 жылға 322,8 млн теңге қарастырылды, 4 елді мекеннің 16 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 5 жоба арқылы жүзеге асырылады
(Теректі ауылындағы Қойшыбеков, Алимамедов, Маметов, Балпық би ауылындағы Балпық би көшелеріне орташа жөндеу, Балпық би ауылындағы Нартбай Датқа, Бакумов, Алдабергенов, Нурпейісов көшелеріне орташа жөндеу, Балпық би ауылындағы Мұсабек, Бақтыбай, Жансүгуров, Жапсарбаев, Жалайыр көшелеріне орташа жөндеу, Мұсабек ауылындағы Қ.Қараулов көшесіне орташа жөндеу, Жарлыөзек ауылындағы Жапсарбаев, Құндақбаева көшелеріне орташа жөндеу).
Оның сыртында, Айнабұлақ ауылына кіреберіс автожолында орналасқан көпірге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (58,9 млн. теңге).
Жергілікті маңызы бар жолдардыды ағымдағы жөндеу мақсатында Балпық би ауылының жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 17,287млн. теңге қаражат қарастырылды. (Жангельдин көшесінің тұйығы, Жамбыл көшесінің тұйығы, Ғарышкер көшесі).
Көксу ауданы аумағымен өтетін республикалық маңызы бар Алматы–Өскемен бағытындағы автомобиль жолының 213–234 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, 3 ауылда жалпы ұзындығы 7,7 шақырымды құрайтын 7 көшеге жарық шамдары орнатуға 191,5 млн.теңге қарастырылды.
(Көксу бекетіндегі Байшапанов, Ауэзов көшелеріне-62244, Қазақстанның 50 жылдығы ауылында Абай, Нұрпейісов көшелеріне-48042, Қызылтоған ауылындағы Лабилданов көшесіне-44681, Қызылтоған ауылындағы Ысқақ көшесіне-25036, Қызылтоған ауылындағы Жаңа көшесіне-11468).
Сондай-ақ, З. Тамшыбай ауылындағы Толқынбеков және Бесқайнар ауылындағы Жетісу көшелеріне жарық шамдарын орнатуға 36,7 млн. теңге қаражат бөлініп мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіледі.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары да жүйелі түрде атқарылуда. Балпық би ауылындағы Нүсіпов көшесінде 5 көпқабатты үйлердің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды (135,2 млн. теңге).
Әлеуметтік сала мәселелеріне тоқталайын.
Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,3%.
Биылғы жылдың 1 сәуіріне 144 адам (18,5%, жоспар – 780) жұмысқа орналастырылды. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында:
Әлеуметтік жұмыс орнына жоспар 49 адам, нақты 51 адам жолданды. Жастар практикасына жоспар 60 адам, бүгінгі күнге 7 адам қамтылды.
Білім беру саласында 25 мектепте 7675 оқушы білім алады. 1710 бала қабылдайтын 18 балабақша, 370 балаға арналған 12 шағын орталық жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен 2080 бала қамтылған, қамтылуы- 99,2%.
Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектепке күрделі жөндеу өткізілуде (құны - 1,6 млрд.теңге). Нысан биылғы мамыр айының аяғында қолданысқа беріледі.
Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының жылыту жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 33,4 млн. теңгеге қарастырылып, шарт жасалды.
Сонымен қатар Талапты орта мектебі жанындағы стадионды жайластыру жұмыстары жоспарлануда.
(11,2 млн. теңге)
3 балабақшаның асхана құрал-жабдықтары жаңартылды. (3,2 млн. теңге)
13 мектеп және 5 балабақшаның қазандығын газға қосу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар дайындауға шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде
(99,7 млн. теңге)
Ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларында «Қуаныш» балабақшасының ауласын жайластыру және «Балдаурен» балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Денсаулық саласында саласында 1 120 орындық орталық аудандық аурухана, 1 күніне 250 адам қабылдайтын емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медициналық пункт жұмыс істейді.
Маман тапшылығын жою мақсатында 2026 жылы «Еңбек» порталы арқылы қажетті мамандар тізімін орналастыру арқасында ауданға 1 маман тартылды.
Мәдениет саласында 12 мәдениет үйлері мен клубтар, 11 кітапхана, 1 халық театры тұрақты түрде жұмыс істейді.
4 мәдениет үйлерінің қазандықтарын газға қосу объектілерінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 30,0 млн тенге қарастырылды.
Қоғамдық тәртіп саласында аудан бойынша қылмыскерлік 2025 жылмен салыстырғанда
11 жағдайға азайғаны байқалады (2025ж - 54, 2026ж - 43). Қылмыстардың ашылу деңгейі 94,7 пайызды құрады (2024ж.-90,7%).
Ағымдағы жылы өрт сөндіру бекеттерін жаңартуға 75 млн. теңге қарастырылды. (Алғабас,Мұсабек,Мұқаншы)
Құрметті округ тұрғындары!
Мұқыры ауылдық округінің дербес бюджетінің көлемі 2026 жылға 76,1 млн. теңгені, меншікті кірістердің жоспары 33,7 млн. теңгені құрап немесе үлесі 44,3 пайызды көрсетеді.
Мұқыры ауылдық округі бойынша көлік салығының берешек сомасы 97 адамда 4833 мың теңгені құрап отыр. Осыған орай округ әкіміне салық базасын ұлғайту бойынша жұмыстарды күшейту керек.
Округ бойынша 2026 жылы 1 жоба іске асырылу жоспарлануда (1-көше жарық шамдарын орнату).
Қазақстанның 10 жылдығы ауылындағы Жансүгіров, Ғабдуллин және Мұқыры аулындағы Жексенбай, Сейфуллин көшелеріне көше жарық шамдары орнатуға ЖСҚ дайындау (1,0 млн.тенге).
Мұқыры ауылындағы орталық саябаққа флагшток орнатуға 1,5 млн.тенге қаражат бөлінді.
Сондай-ақ, округ бойынша 2026 жылы базалық шығындар ретінде елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 5,2 млн.теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 2,0 млн.теңге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 5,5 млн.теңге, елді мекендердің жолдарын қыстық күтіп ұстауға 2,5 млн.теңге қарастырылды.
Округте газдандыруға жататын 579 үйдің 71,3 пайызы немесе 413 үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.
2026 жылдың 4 айында Мұқыры ауылдық округінде жұмыспен қамту бағдарламасына округтің 60 азаматы қатысып 18 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Қадірменді қауым!
Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін жеңілдетуге арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
Осы жүйе арқылы мемлекеттік органдарға өз өтініш-сұрақтарыңызды қойып, оның орындалу барысын жіті бақылап, сұрақтарыңыздың жауабын да сол жүйе арқылы ала аласыздар.