Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық – ел болашағына қауіп

Қазіргі таңда еліміздің дамуына кедергі келтіретін басты проблемалардың бірі – сыбайлас жемқорлық. Ол тек заң бұзушылық емес, қоғамға деген сенімді жоғалтып, әділеттілікке деген үмітті сөндіреді. Мұндай әрекет мемлекеттің іргесін әлсіретіп, жастардың болашағына балта шабады.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына үлкен кедергі. Ол тек жеке адамның әрекеті емес, тұтас бір мемлекеттің іргесін шайқалтатын құбылыс. Парақорлық бар жерде әділдік жоқ, ал әділдік жоғалған қоғамда сенім де, тұрақтылық та болмайды. Сыбайлас жемқорлық білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау сынды маңызды салаларға сіңіп кеткен жағдайда, халықтың әл-ауқаты күрт төмендейді. Бұл – шын мәнінде ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп.
           Қазіргі таңда мемлекет тарапынан түрлі реформалар мен антикоррупциялық бағдарламалар қолға алынып жатыр. Бірақ олардың шынайы нәтижелі                          болуы – халықтың қолдауына, белсенділігіне байланысты. Біз әр салада әділ жолмен жұмыс істеп, заңды сыйласақ, жемқорлықтың жолы кесіледі.
          Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Ел — бүгіншіл емес, келешек үшін қызмет етуі керек». Біз келешек үшін, адал қоғам құру үшін күресуіміз керек. Пара ұсыну мен алуды қалыпты нәрсе деп қабылдайтын сана өзгермейінше, бұл мәселе шешілмейді.
          Сондықтан да әр азамат өзінің әрекетіне жауапты болып, әділет пен шындық жолында өмір сүруді мақсат етуі керек. Себебі сыбайлас жемқорлықпен                    күрес – барлығымыздың ортақ борышымыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл тек заңмен емес, сана-сезіммен, мәдениетпен жүргізілетін күрес. Егер әрбіріміз өз ісімізге жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етсек, еліміздің болашағы жарқын болары анық. Адал жолмен жеткен табыс – мәңгілік. Сондықтан қоғамдағы әр адам өзінен бастап, елге үлгі болуға  ұмтылуы  қажет.

Әсия Керімбекова

 

Көксу ауданы 

мәслихатының бас маманы

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Информация
27 июля 2026
ГЛАВНАЯ ЗАДАЧА — КАЧЕСТВЕННОЕ ОКАЗАНИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ
30 марта 2026
Лудомания – опасная зависимость для общества

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы