Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, көрсетілетін қызметті алушы, көрсетілетін қызметті беруші ұғымдары мен мемлекеттік қызметтердің негізгі қағидаттары туралы

  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі қабылданған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет», «Көрсетілетін қызметті алушы», «Көрсетілетін қызметті беруші» ұғымдарына келесідей анықтамалар берілген.

  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

  Көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар.

  Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

  Сонымен қатар, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының 3-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Дата публикации
12 августа 2020
Дата обновления
12 августа 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Информация
27 июля 2026
ГЛАВНАЯ ЗАДАЧА — КАЧЕСТВЕННОЕ ОКАЗАНИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ
30 марта 2026
Лудомания – опасная зависимость для общества

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы