Қазақстанның ХҚКО-лары #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджіне қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай өткен #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджінің аяқталғанын хабарлайды. Бұл бастама «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылды.